СҚО-да түрмеден шыққан азамат жарты жылға сотталып кетті

Автор: Асыл Арман

Ол тұрғылықты жеріне көрсетілген уақытта бармағаны үшін істі болды

Фото: istockphoto.com

СҚО-да қадағалаудағы азамат түрмеден босатылғаннан кейін 5 күн ішінде тұрғылықты жеріне келмегені үшін алты айға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы адамдардың әкімшілік қадағалау талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады. Осы мақсатта ішкі істер органдарына уақытылы есепке қою талдауы тұрақты негізде жүргізіледі.

«Талдау барысында ұзақ уақыт бойы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған қадағалаудағы азамат Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына бес тәулік ішінде таңдаған тұрғылықты жеріне келмегені анықталды.

Осыған байланысты, прокуратура органдарын осы факті бойынша үйлестіру кезінде Айыртау ауданының полиция бөлімі сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 431-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Нақты орналасқан жері анықталғаннан кейін азаматқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Айыртау аудандық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы үкімімен азаматқа қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталушы сот залында қамауға алынды.

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес әкімшілік қадағалау кәнiгi қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

Прокуратура органдары бұл міндетті іске асыруды ерекше бақылауда ұстайды.