Бірнеше облыста 38-40 градус қатты ыстық болады
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 мамырда Жамбыл облысында күн күндіз 40°С-қа дейін ысиды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күшітүнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр. Өскеменде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады. Семей қаласында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 м/с болатын жел соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде+410С ыстық болады. Түркістан қаласында күндізшығыстан 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы 410С ыстық болады.
Қызылорда облысында 44°С ыстықболады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады және шаңды жел тұруы мүмкін.
27-28 мамырда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 35-39 градус ыстық болады. Күндіз 27-29 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38-40 градус қатты ыстық болады.
Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-100%.