Әсіресе Ыстамбұл қаласын сақтап қалу көзделеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі сейсмикалық қауіпке назар аударып, жер сілкінісіне дайындықты күшейтуді тапсырды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Соңғы күндері Грекия жағалауында болған жер сілкіністері біздің дайындық жұмыстарымыздың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Жергілікті билік саяси мүддені емес, қалаларды сейсмикалық қауіпке бейімдеу мәселесін басты орынға қоюы керек», – деді Түркия президенті үкімет отырысынан кейін халыққа жолдауында.
Ол Ыстамбұлды ерекше атап өтіп, қалаларды жер сілкінісіне төзімді ету – жалғыз жол екенін жеткізді.