02.02.2025, 07:22
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Тұрғындарға қардың толассыз жаууына және желдің күшеюіне байланысты ескерту жасалды
Фото: istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 1-4 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың толассыз жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға барынша сақ болуды, тауға шықпау керектігін ескертеміз. Егер қиындыққа тап болсаңыздар, шұғыл түрде «112» нөміріне хабарласыңыздар», – деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруді ұсынды.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті