Тұрым Алагөзов үйінің ауласында мұз ойып, қар күреп жүр
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының қайын атасы еңбекқорлығымен елді тамсандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бизнесмен Тұрсын Алагөзовтың әкесі далада қар күреп, мұз ойып жүрген сәтін әлеуметтік желіге жариялады.
Композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзов бұл видеоны парақшасына жүктеп, оны «Зейнеткердің күнделікті тіршілігі» деп сипаттады.
Желі қолданушылары зейнеткерге жылы лебіздерін білдірді.
«Адамды адам ететін еңбек», «Бір минутта отырмайсыз ғой, Тұрым Алагөзов! Баспен ғана емес, қолмен де жұмыс істеуді ұмытпайсыз», «Аға, өзіңізді күтіңіз», – деп пікір қалдырды олар.