Оған алғашқы көмек көрсетілді
Атырау облысы Құлсары қаласында учаскелік инспектор өртеніп жатқан үйден ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
«1 ақпан күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің инспекторы Біржан Зинуллин тұрғын үйлерді аралау кезінде бір үйден шыққан түтінді байқап, дереу көмекке ұмтылған. Полицей түтінге толған үйден 70 жастағы ер адамды сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Кейін өзі өртті сөндіруге кірісті», – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болған. Денесі күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.