Құтқарушылар оларды көп ұзамай тапты
Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты бағытынан адасып кеткен екі малшы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін кешке 112 пультіне 1987 жылы туған ер адам хабарласып, 2009 жылы туған жасөспіріммен бірге жылқы іздеуге шыққанын, алайда қою тұман салдарынан жол таба алмай қалғанын жеткізген», – делінген хабарламада.
ТЖМ құтқарушылары іздестіру жұмыстарын дереу бастап, малшыларды Амангелді ауылынан 5 шақырым жерден тапты.
Олар медициналық көмекті қажет етпеді, құтқарушылар малшыларды елді мекенге дейін жеткізді.