Күні кеше желіде «танымал актер Рамазан Амантай сушиден уланып, қаза болды» деген ақпарат тараған еді
Актер өзінің Instagram-дағы парақшасында БАҚ беттерінде тараған қауесеттерді жоққа шығарып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Желіде мен жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын естідім. Уайымдап, қолдау білдіріп жатқан жандарға шын жүректен алғыс айтамын! Алаңдамаңыздар, менде бәрі жақсы! Бұл ақпараттың шындыққа еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар актер бір жылдан астам уақыттан бері суши жемегеніні айтып, мұндай қауесеттер тіпті күлкіге қарқ қылғанын жасырмады.
«Сондықтан уайымдамаңыздар, өздеріңізді күтіңіздер! Аман болыңыздар, 100 жасаңыздар! Және абай болыңыздар – сушиден уланып қалмаңыздар!» - деді актер.