Оның өзін-өзі өлтірмек болғанын полицияға әпкесі хабарлаған
Атырауда полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің шатырынан жігіттің өзін-өзі өлтірмек болғаны туралы полицияға оның әпкесі хабар берген.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бақылауға алды. Олар жігітпен сөйлесіп, оны түсіруге көндіріп, трагедияның алдын алды», – делінген хабарламада.
Құтқарылған жас жігіт құқық қорғау органдарының тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.