Ақтөбеде мас жүргізушіден тапанша табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол бірден қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде жол талғамайтын көліктің мас жүргізушісі тапаншамен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, ​Ақтөбенің басты даңғылдарының бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін BMW автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 34 жастағы жүргізуші 2022 жылы көлік жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

​Сондай-ақ, сараптама жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті. Әрі қарай екі куәгердің қатысуымен автокөлікті тексеру барысында полицейлер 4 патроны бар сигналдық тапаншаны тауып, тәркіледі.

«​Көлік басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы, сондай-ақ суық қаруды сақтау фактілері бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.