Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Көктайғақ, бұрқасын, тұман болады деп болжанып отыр

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында және Астанада қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады.

Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түркістан облысында қар жауып, тұман түседі деп күтілуде.

Атырау облысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданында тұман, қар жауып, бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман түседі.

Павлодар облысында қар, бұрқасын, жел күтіледі.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарын қалың тұман басып тұрады.