Ақмола облысында балалардың біліміне бөлінген миллиондаған теңге желініп кеткен

Автор: Асыл Арман

Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының қызметінде тексеру жүргізілді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымында бюджет ақшасы желінгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының қызметінде тексеру жүргізілді.

«Тексеріс нәтижесінде балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, одан әрі тергеу экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды», - делінген хабарламада.