Алматыда бұзақылар жоғары қабаттан өтіп бара жатқандарға су толы бөтелке лақтырды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Көпқабатты үйдің шамамен 13-14 қабатынан 1,5 литрлік бөтелке лақтырған

Фото: Видеодан скрин

Алматыда бұзақылар көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан өтіп бара жатқан адамдарға су толы бөтелке лақтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Көпқабатты үйдің шамамен 13-14 қабатынан бұзақылар 1,5 литрлік бөтелкеге су толтырып, жұртқа лақтырған.

Оқиғаның видеосы almatinec_life02 Instagram парақшасында жарияланды.