Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет» қаңтар айының соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, тұманды болады.
Алматыда жекелеген тұстарда тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.
Шымкентте түнде қар жауып, көктайғақ болады. Кейде тұман.
Абай ауданында қар жауып, түнде облыстың батысы мен солтүстік бөлігінде бұрқасын күтіледі.
Атырау облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстік бөлігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні: 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар, күндіз солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарда жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Жел екпіні: 15-20 м/с.
Жетісу облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі, күндіз аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, облыстың таулы асуларында бұрқасын болады. Облыстың таулы асуларында солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні: 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында түнде аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі.