Әнші бұл қызығушылығы туралы ешкім білмегенін айтып өтті
Танымал әнші Мадина Сәдуақасованың жұрт білмейтін тағы бір сүйікті ісі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші бұл туралы ешкім білмегенін айтып өтті.
«Мен кәсіби әншімін. Бірақ бала күнімнен бимен шұғылдануға құмар болдым. Осы хоббиімді тіпті күйеуім де білмеген. Енді сіздер де білесіздер. Ашылмаған, айтылмаған қырларым әлі көп менің», - деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Видеода әншінің қысқа белдемше киіп, ер адаммен билеп жүргенін байқауға болады.