Мемлекеттік кірістер комитеті ресми хабарлама таратты
2025 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Тәжен» өткізу пункті үш айға жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасып жатыр.
«Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың «Тәжен» өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі «Тәжен» (ҚР) – «Даут Ата» (ӨР) өткізу пунктері арқылы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты, жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пунктері арқылы қайта бөлінеді:
Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.