Күйеуіне шоколадты құлпынай мен гүл сыйлаған келіншек жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әйел адам сыйлық жасап тұрып, өзінің қандай сезімде болатынын көрсеткісі келгенін айтты

Фото: Видеодан скрин

Желіде күйеуіне шоколадты құлпынай мен гүл сыйлаған келіншектің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әйел адам сыйлық жасап тұрып, өзінің қандай сезімде болатынын көрсеткісі келгенін айтты.

«Кешірші, сені ренжітіп қойдым. Қашанғы маған сыйлай бересің, мен де саған сыйлайын. Сезінші менің эмоциямды», - дейді ол.

Ал желі қолданушылары келіншектің бұл қылығы өздерін әбден күлдіргендерін айтты.

«Өзі жегісі келіп тұр ғой», «Гүлді әйелі алғанына сенбеймін, біреу беріп, соны кіргізген амалы шығар», «Не де болса ақылы бар әйел екен», «Қалжын ретінде түсірілген ғой», - деп жазды желі қолданушылары.