«ҚазАвтоЖол» жол қозғалысына байланысты хабарлама таратты
Ауа райына байланысты Ақмола және Қостанай облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл»автожолының 377-440 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сол сияқты Қостанай облысында да шектеу енгізілді.
«Ауа райына байланысты «Жезқазған-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.