Тоқаев Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады
Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.