Қазақстандағы екінші АЭС Курчатов қаласында салынуы мүмкін

Автор: Асыл Арман

Энергетика министрі БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін орын ретінде Курчатов қаласы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

«Аумақ ретінде Курчатов қаласы перспективті орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде комиссия нақты шешім қабылдайды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтқан болатын.