Сүрені оқымас бұрын ол микрофонды басқа блогерден күштеп жұлып алды
Желіде «Жузефина» лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева Құран аяттарын рэпше оқимын деп сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандағы барлық блогер жиналған туған күнде олар қызықты ойындарға қатысқан.
Қазақша рэп оқып жатқан Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонға талас басталып, Жұлдыз оны тартып алады Кейін мен де өнерімді көрсеткім келеді деп Құранның «Мәғун» сүресін рэпше оқыған.
Алайда блогердің бұл әрекетін көпшілік сөккен.
«Удай мас қой. Құран күлкі қылатын дүние емес қой. Мазақ болған осыларға ұнай ма? Сүре айтқаны қате болды», - деп жазды олар.