Шымкентте 100-ден астам науқас мүгедек екенін дәлелдей алмай келген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Заңсыз әрекеттер анықталды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Шымкентте қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мүгедек екенін дәлелдей алмай келгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, медициналық ұйымдардың 103 науқастың мүгедектігін анықтау үшін оларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібермеу фактілері анықталған.

«Қадағалау актісі бойынша 18 науқасқа мүгедектік белгіленіп, әлеуметтік көмек көрсету құқығы қалпына келтірілді. Қалғандарына қатысты медициналық диагностикалық шаралар жүргізілуде.

Бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 42 медицина қызметкері, оның ішінде 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - делінген прокуратура хабарламасында.