«Кіп-кішкентай жүрегіңнен»: анасы мен қызының видеосы жұртты елжіретті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Желі қолданушылары балақайдың тәтті қылығына елжіреп, жылы лебіздерін білдірді

Фото: Видеодан скриншот

Желіде анасы мен қызының түскен видеосы жарияланып, көпшіліктің көзайымына айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әйел адам теледидар көріп отырған кішкентай қызының алдына жатқанда бүлдіршіннің бетінен сүйгенін көруге болады.

Желі қолданушылары балақайдың тәтті қылығына елжіреп, жылы лебіздерін білдірді.

«Кіп-кішкентай жүрегіңнен», «Томпиған кескініңнен. Жүрегіңнен кішкентай», «Топ-томпақ болған түріңнен айналдым сенің», «Кіп-кішкентай бүлдіршін, істеп жатқан ісі бір әлем, тіл-көзден сақтасын, жаным», - деп жазды желі қолданушылары.