Осыған дейін ХАМАС кепілге алынған төрт израильдікті босатқан
Израиль билігі ХАМАС кепілге алған төрт израильдік әйелді қайтарғаннан кейін 200 палестиналық тұтқынды түрмеден шығарды. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
БАҚ мәліметінше, 114 тұтқын Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Рамаллаға, 70-і Мысырға, ал 16-сы Газа секторына жіберілген.
Бұл – 2023 жылдың қазанында басталған атысты тоқтату келісімі аясындағы кезекті тұтқын алмасу процесі.
Алдағы бес апта ішінде ХАМАС тағы 26 израильдік тұтқын туралы ақпарат беріп, оларды босатуы тиіс деп күтіліп отыр.