Кимбозан Харуки Токиодағы Хацу басё 2025 турнирінде 12-ші жеңісіне жетті
Кимбозан Хируки (Ерсін Балтағұл) Токиода өтіп жатқан Хацу басё 2025 турнирінде Кирисима Тэцуоны жеңіп, императорлық кубоктің басты фаворитіне айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі sportilinet.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір Токиодағы «Кокугикане» сумо сарайында элиталық дивизионның ең беделді турнирлерінің бірі өтіп жатыр. Турнир 26 қаңтарда аяқталады.
Қазақстандық балуан 12 жеңіс және 2 жеңіліспен көш бастап тұр. Оның басты екі қарсыластарының еншісінде 11 жеңіс және 3 жеңіліс бар.
Айта кетейік, Ерсін Балтағұлдың лақап аты – Кимбозан Хируки. Оның бойы – 190 см, салмағы – 180 кг.