Олар жуырда мешітке барып, некелерін қиды
Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова екінші рет тұрмысқа шыққан қызы Айжұлдыз Адайбекова мен күйеу баласы Сәкен Қағаровқа некелерін қиғаннан кейін батасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров бірер күн бұрын мешітке барып, некелерін қиғанын ресми түрде хабарлады.
«Қос қозым, бақыттарың баянды болсын! Алла тіл-көзден сақтасын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар!» - деп жазды Жанар Айжанова.