Сараптама табылған заттардың марихуана мен гашиш екенін көрсетті
Қостанай облысы Сарыкөл ауылы тұрғынының үйінен есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Тінту кезінде 7 келі марихуана мен 5 келі гашиш табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сідтеме жасап.
Тінту кезінде полиция ер адамның үйінен майонез шелектерін, бидон, пластикалық бөтелкелерді, сөмкелерді және өсімдік тектес есірткі, электронды таразыларды тапты. Сараптама алынған заттардың салмағы жеті келі және бес келі болатын марихуана мен гашиш екенін растады, бұл өте үлкен көлемге жатады.
«Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау мүлік тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді. Полицейлер есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі екенін еске салады» - делінген ақпаратта.
Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 13 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел жұмыс жалғасып жатыр.