Астанада 24 жастағы ер адамнан бір чемодан мефедрон табылды

Автор: Асыл Арман

Оның 21 жастағы сыбайласымен бірге әрекет еткені анықталды

Фото: Polisia.kz

Қазақстанда кезекті есірткі жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, Астананың теміржол вокзалының аумағында 24 жастағы жігіт қолға түсті. Одан жалпы салмағы 8 килограмнан астам «мефедроны» бар жол чемоданы тәркіленді. Алматыдан келген күдікті есірткіні Астанаға жасырып, таратуды көздеген.

Ұсталған адамның 21 жастағы сыбайласымен бірге әрекет еткені анықталды. Екінші күдікті Қарағандыда пойыздан түсіп қалған. Ол да ұсталып, одан шамамен 600 грамм синтетика тәркіленді.

«Жедел шаралардың нәтижесінде есірткі сату схемасына қатысы бар тағы бір күдікті – 30 жастағы ер адам анықталды. Барлық фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да күдіктілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.