Жетісу облысында құны 111 млн теңге болатын 26 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Автор: Асыл Арман

Жер иесі заң талаптарын ұзақ уақыт бойы бұзып келген

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысында жерді пайдаланушылар заң талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы 38 жер учаскесін мақсатқа сәйкес пайдаланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауы шегінде жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал субъектілерге пайдалануы үшін беруге бағытталған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.