Кеме батып кеткен аймақ Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықта орналасқаны айтылған
Каспий түбіне кеме батып кеткені туралы ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облысық ТЖД мәліметінше, ақпаратта кеме 43° солтүстік ендік пен 51° шығыс бойлықта, Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықта орналасқаны айтылған.
Жарияланымдарда Google Mars спутниктік суреттері ұсынылып, бұл аймақта батқан кеме болуы мүмкін екендігі айтылған.
«Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталған жоқ. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9-10 метрді құраған.
Зерттеу қорытындысы бойынша, болжалды ақпарат шынайы емес деп танылды», - делінген хабарламада.