Елорда әуежайының баспасөз қызметі осыған қатысты арнайы түсініктеме берді
Астана әуежайында техникалық ақауларға байланысты онлайн құжат көрсету уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әуежайының баспасөз қызметі осыған қатысты арнайы түсініктеме берді.
«Жолаушылардың назарына! E-gov порталындағы техникалық ақауларға байланысты құжаттардың электронды нұсқалары уақытша жүктелмейді. Жолаушылардан жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруін сұраймыз», - делінген хабарламада.