Орал тұрғыны өз пәтерінде 95 адамды тіркеген

Автор: Мақсат Әсел

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Фото: istockphoto.com

Орал қаласының тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

«Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.  Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек:  – Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).  – Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі).  Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», - делінген облыстық Полиция басқармасы таратқан ақпаратта.

Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.  Азаматтарды тіркеу саласындағы заңнаманы сақтау – бұл заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Тегтер: