Күдікті Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 кг кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
«2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясы Киров облысының аумағында ұсталып, кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.