Қызылорда жастары есірткі жайлы ертегі жазды

Автор: Мақсат Әсел

Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткінің зиянын түсіндіру

Фото: istockphoto.com

Байқау екі кезеңде өтті. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 107 үздік жұмыс жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Байқауға қатысушылар есірткі туралы ертегі жазып, оны БАҚ пен ақпараттық порталдарда жариялады. Өз еңбектерінде нашақорлық мәселесі, оның төңірегінде туындайтын мәселелер және нашақорлықтан аулақ болу туралы пікірлерімен бөлісті. Балалар өз ойларын жеткізу үшін әртүрлі ақпаратты қолданды, нашақорлық проблемасын жариялауда шеберлік танытты», – делінген хабарламада.

Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес 107 сайыскердің 11-і жеңімпаз деп танылды.