Ірі шаруашылықтармен меморандум жасалып жатыр
Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы 10 пайызға көтерілді. Әкімдік өкілдері өнім тапшылығы болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша тұрақтандыру қорының қоймаларында 1200 тонна картоп бар. Қазір ірі шаруашылықтармен меморандум жасалып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімді тағы да сатып алу көзделген. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелердінде бір келі картоп 97 теңгеден сатылып жатыр. Ал көтерме сауда базарларында баға 235-250 теңгеден басталады.
«Биыл өңір шаруалары жақсы өнім алды. Орта есеппен гектарынан 150 центнер. Барлығы 110 мың тоннадан астам картоп жиналды», - делінген СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.