Салонда 3 адам болған
Қостанай облысы Қарасу ауданында облыстық маңызы бар «Қарасу – Большая Чураковка» автожолында жеңіл автөкөлік қар құрсаунында қалды. Салонда үш адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік салонында 3 адам болды. ТЖМ құтқарушылары жүргізуші мен жолаушыларға көмекке келді. Жедел жұмыс арқасында жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды.Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.