Соңғы бір жарым айда екі мыңдай адам сырқаттанған
Ал жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам науқас тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақтың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«2024 жылдың 1 желтоқсанынан осы уақытқа дейін пневмонияға 1963 адам шалдыққан. Өткен жылдың және алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінде облыстың тек 886 тұрғынынан пневмония анықталған болатын», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.
Науқастардың көбіне аурудың бактериялық түріне қатысты диагноз қойылған.