«Нурикамал» филімінде басты рөлді ойнаған актриса бал айының қалай өтіп жатқанын көрсетті

Автор: Мақсат Әсел

Фариза Ескермес бал айын Балиде өткізуде

Скрин видео

Отандық «Нұрикамал» филімінде басты рөлді ойнаған Фариза Ескермес былтыр тұрмысқа шыққан еді. Актриса әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бал айы қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фариза Ескермес жұбайы және жолдастарымен бірге Бали аралдарында демалып жүр.

«Бал айын достарымыз және менің жақын құрбыларыммен бірге өткізуді жөн санадық. Әзірге жоспарымыз – демалу, күнге қыздырынып, йогамен айналысу. Жаңа мақсат пайда болды. Балиде үйім болғанын қалаймын. Арал шынымен де сиқырлы, тып-тыныш», - деп жазды актриса.