Жалын 120 шаршы метр аумақты қамтыған
Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету орталығының ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, бір қабатты орталық ғимаратында 120 шаршы метр аумақта өрт шыққан.
«Өртті сөндіру барысында мамандар газ баллон жарылуы мен жалынның кең таралуының алдын алды», – делінген хабарламада.
Өрттен екі жеңіл автокөлік толық жанып кеткен, ал тағы екі автокөлік жоғары температура әсерінен зақымдалған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.