Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

Автор: Мақсат Әсел

Бұл оқиға Атырау облысында болған

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Балабақша басшылығының айтуынша, құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.