ШҚО-да 700-ден астам адамды ит қапқан (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

Бір питомник салуға 2,5 млрд теңге қажет

Фото: istockphoto.com

Былтыр Шыңыс Қазақстан обысында ит қапқан 700-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгінген. Әсіресе Өскемен қаласының тұрғындары қаңғыбас төрт аяқтылардың көбейіп кеткеніне жиі шағымданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде Өскемен қаласының әр ауданында қаңғыбас иттер түсірілген бейнежазбалар көбейді.  46-шы мектептің жанында түсірілген видео bugara_news парақшасында жарияланды. Оның авторы бір топ ит ересек адамға тап бергенін айтады.

Тұрғындар бұл мәселені әкіммен кездесу барысында да көтерген. Өскеменнің әкімі Алмат Ақышов ит питомнигін салу – тиімсіз екенін айтып отыр.

«Заң бойынша иттерді атуға болмайды. Оларды тек қана ұстап, бір апта асырап, фотосын жан-жаққа шығарып, «алып кетіңіздер» деп жарнама жасап, болмаса қоя беру керек екен. Иттің пиомнигін салуды есептеп көріп едік, 2,5 млр теңге шықты. Ол ақшаға мен 600 балаға арналған мектеп немесе 3-4 балабақша сала аламын», – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.