Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған

Автор: Мақсат Әсел

Жұмысшыларға еңбекақылары толықтай қайтарылды

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауданда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мәселен Тайынша ауданында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 20 адамның еңбекақысынан 2 миллион теңге ұсталған. Дәл осындай дерек Мағжан Жұмабаев ауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен олимпиадалық резервті дайындау орталығында анықталды.
 

Облыс прокурорлары жүргізген тексеріс нәтижесінде жауапты тұлғаларға тәртіптік жазаға тағайындалды. Ал жұмысшыларға ақшасы толықтай қайтарылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста түрлі салада еңбек етіп жүрген 2500-ге жуық жұмысшының құқығы қорғалды.

Тегтер: