Ол Даяна Ястремскаяны жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінің 1/8 финалына өтіп, украиналық спортшы Даяна Ястремскаяны жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Матч 1 сағат 23 минутқа созылып, Елена 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
«Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін АҚШ өкілдерінің бірімен ойнайды: ол әлемнің 11-ракеткасы Даниэль Коллинз немесе WTA рейтингінде 14-орында тұрған Мэдисон Киз болуы мүмкін», – делінген хабарламада.