Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанада 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында жасөспірімнің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға елорданың Хан Шатыр аумағында, Әнет баба көшесі бойында болды. Астананың Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.