Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан
Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
17 қаңтарда сағат 22:08-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС аспаптары жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде орналасқан.
Жетісу облысында Жаркентте жер сілкінісінің қарқындылығы 2 баллды құрады. Алматы облысында Шонжы ауылында да 2 балл болды.
ТЖМ-де зардап шеккендер мен қиранды туралы ақпарат болған жоқ.