Шымкентте тұрғын үй кешенінде болған алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Өрт сөндірушілер дәл қазіргі сәтте қызыл жалынды сөндірді

Фото: Видеодан скрин

Шымкентте тұрғын үй кешенінде болған алапат өрт бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт сөндірушілер дәл қазіргі сәтте қызыл жалынды сөндірді.

«Нақтыланған мәліметтерге сәйкес 7-11 қабаттардағы үйдің қаптамасы мен пластикалық терезелер жанды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны хабарланған болатын.