Оқиға жер үйлердің бірінде болды
Қызылорда қаласында суицид жасамақ болған адамды полиция қызметкерлерінің құтқарған сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
102 кезекші пультіне Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті.
«Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып жатқандығын көреді.
Полицейлер ер адамды құтқаруда жылдам әрекет етіп, өлімнен арашалады. Ер азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, полицейлердің еріп отыруымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.