Мектеп оқушысы сыныптастарын пышақтап тастады: екі адам көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Ол өзі оқитын мектепке баса-көктеп кірген

Фото: istockphoto.com

Словакияның солтүстігінде 18 жастағы оқушы өзі оқитын мектепте сыныптастары мен қызметкерлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

18 жастағы оқушы өзі оқитын мектепке баса-көктеп кіріп, сыныптастарына пышақпен шабуыл жасап, сонымен бірге мұғалім мен оқу орны директорының орынбасарын жарақаттап үлгерген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, директор орынбасары қайтыс болды.

Төтенше жағдай Польшамен шекаралас Списска Стара-Вес қаласында болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде бірнеше жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді, сонымен қатар ол жерге Словакияның Ішкі істер министрлігі мен Білім министрлігінің басшылары да келді.

Шабуылшы қашып үлгерді, бірақ артынша ұсталды.

Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр халде жарақат алды.