Оқиға 14 қаңтар күні кешкі сағат сегіздер шамасында болды
Ақтөбеде үш адамды кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жантүршігерлік қылмысты жасады деген күдікті тергеу барысында екі айға қамауға алынады. Артынша ол сот алдында жауап береді.
Айта кетейік, 14 қаңтар күні кешкі сағат сегіздер шамасында Ақтөбеде белгісіз ер адам Мәскеу ауданында орналасқан үйге кіріп, үш адамды кепілге алған болатын.
Полицейлер оларды босату үшін операция жүргізіп, күдікті ұсталды. Өкінішке қарай, кепілге алынғандардың бірі ауруханаға апарар жолда көз жұмды, екіншісі операция үстелінде қайтыс болды. Ал кепілге алынға тағы бір әйелдің жағдайы ауыр.
Марқұмдар 40 жастағы жәбірленушінің анасы мен өгей әкесі болып шықты.