Бұл тізімде екінші орында Германия елі тұр
Абай облысынан былтыр 310 адам басқа елдерге тұрақты тұру үшін көшіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 2024 жылы өңірде 310 тұрғын Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кету үшін құжаттарды ресімдеу қызметін пайдаланған.
Тұрақты тұрғылықты жерге көшудің ең танымал бағыты Ресей болды, оған 284 адам аттанды. Германияға 15 азамат кетті, ал АҚШ облыстың 4 тұрғыны үшін жаңа мекенжайға айналды.
Грекия, Италия, Қырғызстан және Франция елдеріне бір-бір азаматтың өтініші қабылданды. Сонымен қатар, 3 адам Беларусь елінде тұрақты тұру туралы шешім қабылдаған.